Мінез және темперамент. Олардың бір-бірімен ұқсастығы және айырмашылығы
Мінез бен темпераменттің өзара байланысы олардың физиологиялық негізі арқылы анықталады. Жүйке жүйесінің типтері адамның іс-әрекеттерінен, мінез ерекшеліктерінен анық байқалады. Мысалы, сангвиник адам басқалармен қарым-қатынаста әңгімені бірінші болып бастайды, ал флегматик мұндайда өзін-өзі тежеп, әңгімені тыңдауға ықыласты болады. Сангвиниктер бөтен адамдармен әңгімелесіп, тез танысып кетеді де, бұрынғы таныстарын шапшаң ұмытады. Ал флегматик адам мұндайда өте баяу, самарқау болады. Адам мінезіндегі осындай көріністер оның динамикалық ерекшелігі немесе қозғалғыштық касиеті деп те аталады. Мұндай ерекшеліктер темперамент қасиеттеріне негізделеді.
Мінездегі темпераменттің рөлі басқаша жағдайларда да көрінеді. Осы ерекшеліктерден біз жүйке жүйесінің типтері шартты рефлекстердің жасалу-жасалмауына қалайша әсер ететінін байқаймыз. Ал шартты рефлекстер жүйесі мінездің физиологиялық негізі екендігі мәлім.
Абілет.
1. Қабілет туралы түсінік
2. Нышан және қабілет.
3. Қабілетті дамыту.
4. Қабілеттің даму деңгейлері
Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз – мақсатқа бағытылған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.
Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:
1. Іс-әрекет тез бейімделу.
2. Іс-әрекет орындау нәтижесінің сапасы.
Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі қалайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті дейді. Сонда қабілеттіліктің сыры неде? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда түрліше көрсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады?
Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психиқалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке-жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттік – адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығың көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы-көбінесе музыкантарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшыспортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әректке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиері даусыз. Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.
Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл — адамдардың даралық ерекшеліктері. Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ал екінші адам іске бірден төселіп кете алмай, сол іс-әрекетке лайық әдет-дағдыларын қалыптастырмағандықтан, істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқаруы мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның қабілеттілігі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді.
Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға болмайды. Мәселен, сурет өнерінің әліппесімен әлі танысып үлгірмеген баланы өнердің бұл түріне қабілетті не қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек ұйымдастырылған оқү-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады.
Источник
Мінез және темперамент. Олардың бір-бірімен ұқсастығы және айырмашылығы
Қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады.
Мінездің ұнамды қасиеттері автоматталған әрекет-дағдыға айналады. Дағдылар әрқилы істерге жаттығу, төселу нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар адам мінезіндегі саналы
Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез — адамның негізгі өмірлік беталысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол — көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды.
И.П. Павлов адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша жүйке байланыстарының өзіндік «құйындысы» деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: «. адамның мінез-құлқының бейнесі жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады».
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалалар мекемелері, оқу, өндіріс ұжымы, қоғамдық ұйымдар, т.б.) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан еңбексүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас. «. Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады» (әл-Фараби). Сондықтан да оны қоршаған ортасына ғана төселмей, өзі де шама-шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші рөл атқарып отырады.
Источник
Темперамент және мінез.
Темперамент дегеніміз–жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл–қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент адамның жалпы қозғалысын (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреуі сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой–пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде– ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460–356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Мәселен, ағзада қанның пропорциясы артық болса сангвиникалық (латынша “сангиус”-қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма”-шырын), флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше “мелайне- холе”)–қара өт, ағзада сары өт басым болса, холерик (грекше “холе-өт”) темпераменті деп аталған.
Сангвиник темпераменті көңілді адамдарға тән. Ол болашаққа сенімді, әзілкеш болып келеді. Ол тез қызбаланады, бірақ тез сабасына түседі, жақында ғана өзін баураған нәрсеге қызығушылығы тез басылады. Сангвиник көп уәде береді, бірақ өзінің уәдесін орындай бермейді. Ол бейтаныс адамдармен тез және оңай тіл табыса алады. Ақкөңіл және әрдайым көмек беруге дайын тұрады. Оны ауыр ой мен еңбегі тез шаршатады.
Меланхолик темпераменті көңілсіз адамға тән. Ондай адамның әдетте, ішкі өмірі күрделі және ауыр болып келеді. Ол өзіне қатыстыларының бәріне үлкен мән береді, тынымсыз және нәзік жанды болып келеді. Ол көбінесе және уәде берер кезде өзін ерекше бақылай алады, өзі орындай алмайтын нәрсе үшін ешқашан уәде бермейді.
Холерик темпераменті қызба адамға тән. Мұндай адамды «ол өте қызба, шыдамсыз» дейді. Алайда, оның айтқанын жөн санап, дұрыс деп қабылдаса ол мінезінен тез қайтады. Оның қозғалысы шалт келеді.
Флегматик темпераменті салқынқанды адамға тән. Ол ауыр және белсенді жұмыстан гөрі әрекетсізддікке бейім. Мұндай адам әсерлене бермейді, алайда, әсерленсе сол күйде ұзақ болады.
Мінез — әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы.
Психология ғылымында мінез топтастырылып , оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады:
— мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық , еңбекке жауапкешілікпен қарау , жалқаулық , немқұрайдылық т.б.
— ұжымға , адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық , сергектік , талап қоюшылық , асқақтық , менсінбеушілік.
— өзіне — өзінің қатынасы : өркөкректік , даңғойлық , тәкәппарлық , мақтаншақтық , өзімшілдік , қарапайымдылық , кішіпейілділік;
— заттарға қатынасы : ұқыптылық , салдыр – салақтық , заттарды ұстап – тұтуы мен ұқыпсыздығы.
Темпераментпен салыстырғанда мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана байланысты емес, ол адам мәдениеті, оның тәрбиесіне де тәуелді.
Айтылым
3-тапсырма.Үлгіні негізге алып, мәтіннен алған ақпаратпен бөлісіңіз.
ақпарат | + (білемін) | — (білмедім) Бұл – мен үшін жаңа ақпарат. | ˅ (білгім келеді) |
Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460–356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. | Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460–356) еңбектерінде темперамент жөнінде алғашқы пікірлер айтылғанын білемін. | Бұл — мен үшін жаңа ақпарат. | Бұл туралы толық +ырақ білгім келеді. |
Айтылым
4-тапсырма. Мәтіннің мағыналық бөліктерінің тақырыбын анықтаңыз.
Сөйлесім
5-тапсырма. Темперамент түрлерінің ерекшеліктерін салыстырыңыз.
Жазылым
6-тапсырма.«Сөздік картасын» толтырыңыз.
Сөздік картасы
Жаңа сөз |
Жаңа сөздің мәтіндегі қолданысы |
Ассоциация |
Синоним |
Антоним |
Анықтама |
Сөйлем |
7-тапсырма.Сіз орындықта отырсыз, сіздің қасыңызда бас киіміңіз жатыр. Сіздің қасыңызға таныс емес адам келіп, бас киіміңізге отырды. Сіздің әрекетіңіз?
БӨЖ:Темперамент типі мен мінез түрлері (SWOT — талдау)
Источник
Мінез және темперамент
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 21:18, реферат
Краткое описание
Адам психикасының басты бір ерекшелігі бір қасиеттік орнын екінші бір қасиетпен толтыра, яғни адамның өзінде жетіспеген бірер қабілетті басқа қабілеттермен алмастыра алатындығы. Адам қабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне де байланысты.
Темперамент — адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамның барлық іс — әрекетінен көрініп тұрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара, адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінідегі типі шыдамсыз болса — холерик, сергек болса — сангвиник, тыныш болса — флегматик, әлсіз болса — меланхолик болады.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Темперамент.docx
Темперамент — әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша — темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік — ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс — тұрысы мен қимыл — қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым — қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешелігінің сыр — сипатына зерттеуші -ғалымдар ерте замандардан — ақ айырықша мән берген. Адамның осындай өзгешелігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған — ертедегі грек жұртының дәрігер — ғалымы Гиппократ ( б. з. д. 460 -356жж.) болды. Ол өз шәкірттерімен бірге организм өзгешеліктері денедегі «тіршілік шырындарына» байланысты деп санады. Яғни олардың пікірінше, денені жылытатын — қан, салқындататын — сөл, кұрғататын — өт, дымқылдандыратын — қара өт. Бұлар бірімен — бірі белгілі бір пропроциялық қатынаста болады. Осы заттар қатынасының қай мөлшерде екендігіне қарай әрбір адамның өзіндік даралық өзгешелігі болады. Қанның пропорциялық мөлшері көп болса -сангвиник ( латынша — сангуис); сөл көп болса — флегматик (грекше -флегма); өт көп болса — холерик (грекше — холе) және күшті пропорция қара өтте болса — меланхолик (грекше — мелайнехоле) кара өт деп төрт типке бөлген. Сол кезден бастап ғылымда темперамент атауы тұрақты орын алды. И.П.Павловтың жануарлардың жүйке жүйесінің физиологиялық негіздерін зерттей отырып анықтаған жайттары адамның да жүйке жүйесінің типтеріне негіз бола алады.
Темперамент — адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамның барлық іс — әрекетінен көрініп тұрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара, адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінідегі типі шыдамсыз болса — холерик, сергек болса — сангвиник, тыныш болса — флегматик, әлсіз болса — меланхолик болады.
Сангвиниктің — эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Көңіл — күйі әп- сәтте өзгереді. Ол — әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай және жылдам. Төңрегіндегі уақиғаларға, нәрсенің мән — жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. Ұзақ уакыт мұңайып журмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаңда икемді, қозғалғышта қызу, сергек. Кетеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика қимылы көп. Ақжарқын, ашық . Ойынға кызу қатысады, ойын процесінде рөлін өзгертіп отырады, өкпелеп қалуы оңай, өкпелесе, жылап жібереді, алайда, ренжігенін лезде ұмытады, көзінің жасы кеппей — ак, күле бастайды.
Холериктің — эмоцияға берілуі шашпаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, кұмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп — сәтте қызып кетіп, күйіп — піседі. Ашуланса, бұрқ — сарқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із калдырады, қимыл — қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс — әрекет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа кұмарта беріліп, екпінмен істейді, анық, әсерлі, мәнерлі сейлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомимикасынан білініп тұрады. Холериктер белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастағаи іс — әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға кұмар. Өзі де үйымдастырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп — сәтте ашуланады және ашуын үзақ сақтайды.
Флегматиктің — эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл — куйлері байсалды, орнықты калпында ұзақ сакталады, баяу өзгереді, жарқылдап қуануы да, жабығып қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, кербез қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жакындасуда мардымсыз, іске ырғалып — жырғалып барып кіріседі. 1с- әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады. Флегматиктер байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін тауып жалтарып кетеді, тыныштықты жаксы көреді. Кеңіл көтеретін сауыққа да әуес емес, бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.
Меланхоликтің — эмоциялық көтерілуі табанды, күшті, тұракты болады, сыртқы көрнісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, олар бойын билеп, санасында терең із қалдырады, көңіл — күйлері бірқалыпты ұзақ сакталады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабыркау, кейде кайғылы да болады. Сыртқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп тұрады, кедергі кездессе, уайымдап қажи түседі, қимыл -қозғалыстары ақырын, баяу болады. Мәнерсіз, ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы кимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе, іс — әрекетін толық аяқтап шығады. Меланхоликтер сыпайы, момақан, жасқаншақ келеді, біреу сұрак қойса, қысылып, ұялып қалады, көңілденуі де, өкпелеп ренжуі де қиын, ренжіп қалса, көпке дейін ұмытпайды, ойынға бірден қосылып кетпейді, жатырқап тұрады, кешігіп барып қатысады, іске бірден кіріспейді, бір бастап кетсе, ойынды да, жұмысты да аяқтап шығады. Сонымен, темперамент -адамның дара психологиясының өзіндік бір сипаты болып табылады.
Мінез -психологияда грек тілінен аударғанда «таңба», «із» деген- сөзді білдіреді. Адамнын, мінезінің түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді. Ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт -бағдарын аныктауға ыкпалын тигизеді, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, ал косалқылары мінез қырларын толыктыра түседі. Адам мінезінің калыптасуының коршаған ортасына және оның өзінің қатынасына байланысты. Бұл катынастың мәні адамның араласып, байланысқа келген өмірлік обьектілердің маңыздылығымен анықталады. Мінез — әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әркилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері — адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшандығы, акыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды. Адам мінезінің керіністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекет сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, зейініне, ақыл-ойына да байланысты болады. Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады. Адам мінезінің құрлымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Міне, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрлымы дейді. Ал, мінездегі өзара байланыста психикалық қасиеттердің жүйке жүйесі комплекс не факторлар деп аталады.
Мінездегі қасиеттер жүйесі. Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның касиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әр алуан нәрселерге катынас ерекшеліктерін көрсетеді.
- Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалкаулық, немқұрайлылық т.б.
- Ұжымға, адамдарға қатысты касиеттер: қайрымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқактық, менсінбеушілік.
- Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, даңғойлық, тәкәппарлық , мактаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылык, кішіпейілділік.
4. Заттарға қатынасы: ұкыптылық , салдыр-салактық ,
заттарды ұстап -тұруы мен ұқыпсыздығы т.б.
Мінез құрлымындағы қасиеттер. Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады. Олар-адамның қоғамдық қарым-катанасы және әлеуметтік — типтік ерекшеліктері. Ал, мінез құрлымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады:
- Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның коғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді.
- Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет-мінездің күші.
Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді.
3. Мінездің тұрақтылығының , ауытқушылығы мен
бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқашан
қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық , төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.
Қабілет — деп әр адамның белгілі іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз — мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адмның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы. Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне кабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады: 1. Іс-әрекетті тез өзгерту. 2. Іс-әрекетті тез орындау нәтижесінің сапасы.
Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты.
Қабілеттілік — адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы-көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу-баскетболшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табыска жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мыс: музыка саласында әуенді есту мен ырғакты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл-адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Жалпы, кабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айкын көрінеді. Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл-адамдардың даралык ерекшеліктері. Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның кабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзкарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті оған туа берілетін өзіндік табиғи қасиет.
Дегенмен, кабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес, себебі кабілет- адамның даралық психологиялык ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе-қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялык және физиологиялық ерекшелік нышан.
Нышан — мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.
Талант — адамның накты бір істі нәтижелі орындаудағы кабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі.
Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша кабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Қабілеттің жоғарғы деңгейде дамуы талант деп аталады.
Адам кабілетіндегі талант пен дарындылық одан әрі дамып данышпандық қасиетін тудырады. Бұл-адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі.
Источник